Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қыркүйектің аяғында Латын Америка елдеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«29 қыркүйектен бастап Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының Латын Америка елдеріне сапары басталады. Бұл Қазақстан үшін тарихи сапар. Бұрын соңды бұл елге Қазақстан сыртқы істер министрі бармаған», - деп ол бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Сапар барысында Қазақстанның Чили, Аргентина, Бразилиямен мәдени-гуманитарлық қатынасты нығайтуға бағытталған тартымды келісімдерге қол қойылмақ.