Ол сапардың 6-7 наурыз күндеріне жоспарланғынын атап өтті.
Оның айтуынша, Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен келіссөздер барысында екі елдің екі жақты және жан-жақты өзара іс-қимылдарын, саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылау жоспарланып отыр.
"М. Тәжиннің сапары жақында француз үкіметінің басшысы Франсуа Фийонның Астанаға сапары барысында қол жеткен екі жақты келісімдерді нығайтуға мүмкіндік береді және алдағы жоғарғы деңгейдегі кездесуді ұйымдастырудың дайындық кезеңі болады", - деді Е. Ашықбаев.