Қазақстан сыртқы істер министрі табиғаттың оқыс мінезінен зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне көңіл айтып жеделхат жолдады

Сыртқы саясат ведомствосы басшысының жолдауында: "Көптеген адамдардың өмірін қиған жойқын табиғат апаты туралы хабарды терең қайғымен, үлкен алаңдаушылықпен қабылдадым. Бұл қасірет құрбандарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Мен жақындарынан айрылып қан жұтқандармен рухани біргемін. Сіздің ел үкіметіне шынайы қолдау сезімімді білдіремін , ал ел халқының қайғысына ортақтасамын ", - делінген жеделхат мәтінінде.