Қазақстан тарихында бірінші рет автошабандоз қыз бала ел атынан "Формула-3" жарысына қатысады


17-жастағы автошабандоз Любовь Андрееваны таныстырды, ол еліміздің атынан халықаралық "Формула-3"жарысына қатысады.

"Бүгін біз үшін айтулы оқиға. Біздің командамызға жаңа санаттағы жаңа пилот еніп отыр. Любовь Андреева Қазақстанның картинг бойынша бүкіл сатыларын жеңіп келеді. Ол еліміздің намысын әлемдік сахнада қорғауға лайық", деді "Astana Motorsports" командасының лидері, "Дакар-2012" жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында.