Қазақстан Ташкентте болған жарылыстарды айыптайды және лаңкестікке қарсы күресте Өзбекстанмен күш біріктіруге дайын - ҚР СІМ

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатымен халықаралық лаңкестікке және аймақтық экстремизмге қарсы күресте Өзбекстанмен күш біріктіруге дайын екенін білдіреді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-шілде күні Ташкенттегі АҚШ және Израиль елшіліктерінің жаны мен республика жоғарғы сотының ғимаратында жанкешті лаңкестер жарылыс жасаған. Соның салдарынан 3 адам мерт боып, 8 адам жараланды.