Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдық мерекесін асқан жетістікпен, зор саяси өрлеумен қарсы алды

"Елімізге енші берген, толағай табыс, мол мейіріммен келген Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!",- деді президент.
Біз биыл тәуелсіздігіміздің 16 жылдық мерекесін асқан жетістікпен, зор саяси өрлеумен қарсы алдық. Ендігі жерде біз Еуразия жүрегінде жаңа, жасампаз елде өмір сүріп отырмыз деп бар дауыспен айта аламыз.

"Экономикалық, әлеуметтік салада қуатты реформалар жүзеге асты. Рухани кемелдендік. Әлеуметтік салаға әр жыл сайын мемлекет тарапынан қамқорлық, қомақты қолдау көрсетіп келеміз. Зейнетақының, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларының көлемін арттырдық",- деді Н.Назарбаев.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандардың санын арттыру да жыл сайынғы үрдіске айналды. Бұл жұмыстарды жалғастыра береміз".

Президенттің айтуынша, алдымызға әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын тебу мақсатын қойдық. "30 корпоративтік көшбасшылары" бағдарламаны орындауға кірістік. Дамудың жеті басым бағытын айқындадық. Жаңа, жасампаз Қазақстанның Ата заңына халыққа етене жақын оң өзгерістер енгіздік. Нәтижесінде жаңа, кәсіпқой парламент жасақталды.

"Еліміз халықаралық қауымдастықтың алдында зор беделге жеттік. Биыл Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ету құқына ие болды. Мұнда менің әрбір отандастарымның еселі еңбегі бар деп білемін. Бұл - кең байтақ қазақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлттан тұратын біртұтас халықтың достығының, татулығының нәтижесінде келген жеңіс",- деді ол.

"Жаңа жылда ел мерейі үстем болсын, ағайын! Жаңа жыл - әр шаңыраққа қуанышын, шаттығы мен берекесін ала келсін!
Бауырымыз бүтін, басымыз аман болсын, отандастарым менің!",- деді Н.Назарбаев.