Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай батысқазақстандық өнер шеберлері Астанада концерт қоймақ

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың айтуынша, 180-дей адам қатысатын мәдени шара барысында көрме де ұйымдастырылады.

Елорда көрермендері алдында Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық оркестр, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Ақжайық», «Назерке» би ансамбльдері және басқа шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимовалармен бірге Астанада тұңғыш рет Шыңғырлау ауданынан Ернар Өмірәлі, Бөкей ордасынан Нұрғиса Төлегенов сынды жас әншілер, тасқалалық балауса бишілер сахнаға шығады.