«Біздің алдымызда Астанада (ИЫҰ СІМК-інде - ҚазТАГ) қабылданған резолюциялар мен шешімдерді орындау міндеті тұр. Әрине, Қазақстан қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісіндегі жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алады. Біз Таяу Шығыстағы проблемаларды шешуге белсенді түрде қатысамыз»,- деді ол бейсенбі күні ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясында.
«Біз сондай-ақ, Палестинаның 67-ші жылға дейінгі шекараларын қалпына келтіру бойынша проблемаларды шешуге де белсенді қатысамыз», - деді ол.
СІМК төрағасының пікірінше, ИЫҰ Солтүстік Африкада бейбіт өмірді қалпына келтіруге, ядролық және жаппай қырып жою қаруын таратпаумен бірлесіп күресуге қабілетті.
«Біз (Қазақстан - ҚазТАГ) ИЫҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігін кеңейту мәселелері бойынша жұмыс жүргіземіз», - деді Е. Қазыханов.