Қазақстан таяу уақыттарда ұн экспортына тыйым салмайды

"Ішкі нарықта ұн тапшылығы қаупі байқалған жағдайда біз кез-келген сәтте тыйым сала аламыз, бірақ бүгінгі күні мұндай қажеттілік жоқ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Біз бүгінге дейін жолға қойып алған ұн сататын нарықтарымызды жоғалтып алмауға тиіспіз", - деді өз кезегінде еліміздің ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев.

Еліміздің ауылшаруашылық министрінің хабарлауынша, қазір ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізілуде. "Мониторинг мәліметіне сәйкес, қазір ұн экспортына тыйым салудың қажеті жоқ", - деді ол.