Бұл туралы Nation Master статистикалық ақпарат агрегаторы хабарлады.
Алынған мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтар орташа алғанда айына 614 доллар қолға алады. Ай сайынғы табысы ең жоғары елдердің көшін 2014 жылы Швейцария бастады. Мұнда тұрғындардың ай сайынғы табысы шамамен 6,3 мың долларды құрайды. Одан кейінгі орында Люксембург (4,4 мың доллар) тұрғындары тұр.
Ең төменгі табыс Куба елінде. Кубалықтардың ай сайынғы табысы салықты алып тастаған соң 25 долларды құрайды екен. ТМД елдері ішіндегі көрсеткіштер мынадай: Ресей - 86-орын (686 доллар), Әзербайжан - 104-орын (524), Беларусь - 109-орын (502), Өзбекстан - 130-орын (360), Украина - 132-орын (358) және Қырғызстан - 136-орын (350).
Агрегатор сайтында ақпараттар numbeo.com. жүргізген азаматтар арасындағы сауал негізінде алынғанын хабарлады.