Қазақстан тәжік ауылшаруашылығы өнімдерін жыл бойы алудан мүдделі



"Біз Тәжікстаннан ауылшаруашылығы өнімдерін жоспарлы түрде жыл бойы алу мүмкіндігін жолға қоя аламыз деп сенеміз", - деді Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акиловпен бірге тәжік ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ашу барысында.

Астана әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәжік дихандары жәрмеңкеге 100 тонна жүзім, 100 тонна қарбыз, 80 тонна қауын, 3 тонна лимон, 3 тонна бал , 23 тоннаға жуық алмұрт пен гранат, 30 түрлі 25 тонна кептірілген жемістер мен 25 тоннадан астам сәбіз, асқабақ, пияз бен бұрыш әкелген.

Жәрмеңке 26 тамызға дейін созылады.