Қазақстан тәжікстан экономикасына 125 млн доллардан аса инвестициялады

деп хабарлады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Тәжікстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен шамамен 40 кәсіпорын жұмыс істейді", деді ол Астанада сейсенбіде бірқатар елдердің елшілері оған сенім грамоталарын табыс еткен кезде.

"Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс, жеңіл және тағам өнеркәсібінде екіжақты жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз, деді Н.Назарбаев.

Елбасы Қазақстан Тәжікстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптесі ретінде қабылдайды, деп атап өтті.


Тәжікстан елшісі Назирмад Ализода өз кезегінде атап өткендей, Қазақстанмен арада екіжақты қатынастарды дамыту мен тереңдету тәжік сыртқы саясатының орталық-азиялық бағытындағы басымдық бағыт болып табылады.