Қазақстан Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсетеді

"Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Тәжікстан Республикасында болған ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы" ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды",- делінген баспасөз хабарламасында.

Қаулыға сәйкес, Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы өткізілетін мемлекеттік астық қорынан бір мың тонна азық-түліктік бидай бөлінді.

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арқылы 500 тонна дизель отыны мен 500 тонна жағатын мазут жіберілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы 66 млн. теңгеден астам тауарлық-материалдық (азық-түлік және жылы киім-кешек) құндылықтағы гуманитарлық көмек берілді.