"Тәжікстанда қазақ компаниялары жұмыс істейді, олар өз іс-қызметінің аясын кеңейтуден мүдделі. Сонымен бірге, күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі -Душанбеде жұмыссыз тоқтап тұрған зауыттарды сатып алып іске қосу", - деді дипломат.
Сондай-ақ, елшінің айтуынша, " Э. Рахмонның Астанаға сапары аясында жүзбе-жүз және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтеді". "Бірақ дәл қазір күн тәртібіне қандай мәселелер енгізілгенін дөп басып айта алмаймын", - деді елші.