Қазақстан Тәжікстанды сенімді стратегиялық әріптесі әрі одақтасы деп таниды

"Бүгінде біздің ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары гидроэнергетика, құрылыс, көлік және коммуникациялар, тау-кен өнеркәсібі және аграрлық салалардағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруда дамып отыр", - деді президент. "Біздің елдеріміз ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік пен интеграциялық мәселелелер бойынша табысты ықпалдастық орнатқан", - деді ол.

"Өзара қарым-қатынастарымыздың келешегін бағалай отырып, бүгінде біздің елдерімізде сауда-саттық, мұнайгаз саласы, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастықтың әлеуеті үлкен екенін атап өткім келеді", - деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті