Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек тиелген 18 вагонды аттандырды


ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстанға жалпы сомасы 873 мың долларды құраған бидай ұны, макарон өнімдері, ет және сүт қалбырлары, кептірілген жемістер, өсімдік және сары май, шай жіберілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы табиғи апат салдарынан зардап шеккен Тәжікстан Республикасына ресми түрде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешіміне сәйкес, қазақстандық тарап 2016 жылдың 10 мамырында Душанбе қаласына келіп жете бастаған гуманитарлық жүк тиелген 18 вагонды аттандырды.