Заңның бұл бабы бойынша "теле- және радиоөнімдерді өз күшімен шығару және оларды таратуға қатысты айналымдар, сондай-ақ, Қазақстандағы теле- және радиохабарларын таратушы ұйымдар жүзеге асыратын жарнамалық қызметтерден Қосалқы құн салығы нольдік ставкамен алынады".
"Газет және журнал өнімдерін шығару мен оның айналымын 2001-жылдан бастап қосымша құн салығынан босату , сондай-ақ, электрондық БАҚ-тар үшін нольдік ставкалы Қосымша құн салығын енгізу және бұл норманың мерзімін 20025- жылға дейін созу нәтижесінде елімізде теле- және радиоарналардағы жеке бағдарламалар санының, соның ішінде қазақ тіліндегі бағдарламалар санының артуына жағдай жасалды. Телерадиокомпанияларды қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Ал бұларсыз телеиндустрияны дамыту, лицензиялы бағдарламаларды сатып алу мүмкін емес",- делінген мәлімдемеде.
Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық Қауымдастығының пікірінше, бұл шара отандық медиарынокты экономикалық тұрғыдан қолдаудың халықаралық тәжірибесіне сай келумен бірге ел іші мен сыртында мемлекеттің оңды имиджінің қалыптасуына түрткі болады.
"Қазақстанның электрондық БАҚ-тары үшін жеңілдетілген салық тәртібін сақтап қалу оларға қазіргі заманғы технологиялық және шығармашылық биіктіктерге көтеріліп, нарықта Ресейдің хабар таратушы компанияларымен бірдей жағдайда бәсекелесуге жағдай жасайды дегенге біз сенеміз",- дейді мәлімдеме авторлары.
Қазақстандағы телерадиохабарларын таратушылардың Ұлттық Қауымдастығы еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес телерадиохабарларын таратушылардың кәсіби қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қауымдастыққа барлығы 50-дей телерадиокомпания біріккен.