"Қазақстан Темір жолы" Алтынсарин-Хромтау жол тармағы арқылы 15 млн. тонна жүк тасымалдауға тапсырыс беріп отыр

А.Моисеевтың айтуынша, мұндай жүк тасымалы ауқымын жүзеге асыру үшін жол тармағы арқылы күн сайын 40 мың тонна жүк өтуі тиіс. Алайда, қазіргі таңда Алтынсарин-Хромтау жол тармағының өткізгіштік қабілеті жылына 7 млн. тоннаны құрайды. "Бұл желіні тартуға бағытталған барлық қаржыны толық игеру алдағы жылға межеленген. Нәтижесінде жол тармағының өткізгіштік қабілеті тапсырыс көлеміне жеткізіледі",- деді ол.

Оның айтуынша, "әзірге көптеген тасымалдаушылар жаңа бағыттың мүмкіндіктерінен бейхабар. Сол себепті алдағы уақытта желіні жүк тасымалы мақсатында пайдалану жөніндегі тапсырыс көлемі анағұрлым арттырылуы мүмкін".