«Қазақстан темір жолы» компаниясынң топ-менеджері 100 мың доллар парамен ұсталды


Таспадағы мына 100 мың долларды Ерғали Қалаубаев алмақ болған. Жүз долларлық он бума ақшаны қаржы полициясы компания менеджерлерінің  бірінің үйінен тауып алған. Бұл қаржыға күдікті ірі компанияны жанармаймен қамтамасыз етпек болған көрінеді. Қазір Қалаубаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кем дегенде 15 жылын түрмеде өткізуі мүмкін. Ал, оның сыбайлысы Әлмусиннің не бүлдіргенін тергеушілер әзірге жарияламай отыр. Қазір ол іздеуде екен.