"Бұл қылмыстық іске қатысты қылмыстық іс келесі айдың аяғында аяқталады. Сотқа айдың аяғында жолданады", -деді С. Қалмырзаев. Оның айтуынша, "компания басшысының кінәлі екенін растайтын дәлелдер жеткілікті". Сонымен бірге, қаржы полициясы басшысының айтуынша, "оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін растайтын куәгерлер де бар".
"Қазір Күлекеев түрмеде отыр",- деп нақтылады С.Қалмырзаев.
Журналистер сауалына жауап берген С. Қалмырзаев "қаржы полициясы тарапынан Ж.Күлекеевтің кінәсіздік презумпциясы бұзылып отырған жоқ", деп атап көрсетті. "Біз заң бұзған болсақ, онда бізге ол жайында айтар еді. Онымен шектелмей мен осы істі тексеруде заңдылықтың сақталуын ұдайы сұраймын. Заңдылық сақталып та отыр", -деп мәлімдеді ол.
"Бәрі бұл тапсырыспен жасалған іс деп ойлайды. Ол мүлдем қате. Күлекеев қылмыс үстінде ұсталды", -деді қаржы полициясының басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев бір мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді бір компанияның пайдасына шешу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оны қаржы полициясының қызметкерлері 1 сәуірде ұстаған. Қазір тергеу жүргізілуде.