Атап айтқанда, прокурорлық тексеру нәтижесінде жылдам жүйткитін "Астана - Анар" бөлімінде 35 шақырым бойы қауіптіліктің 4 сатысымен жіктелетін жолдардың шөгіп кеткені, қисайғаны, ауытқығаны анықталған. "Осыған байланысты "Тұлпар" 1-2 пойызының қозғалысы іске асырылып жатқан 8 жылдам бөлімде қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырымға дейін шектелді", - деп атап көрсетті С. Нұрпейісов.
"Бұған ықпал етіп отырған негізгі себеп Министрлік пен Қазақстан темір жолының ревизорлық аппарат жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы. Осының салдарынан темір жол көлігінің жұмысшылары өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқармай отыр", - деп сөзін түйді С. Нұрпейісов.