"ХТЖО аясында Солтүстіктің Шығыс -Батыс көлік дәлізін дамыту жөніндегі жобасы дайындалуда немесе ол Қытайдың континентальды шығыс порттарына дейін апаратын Қазақстан, Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегияның темір жолдары арқылы Норвегиялық Наврик портына түсіп, теңіз жолымен (Бостон портына) АҚШ-тың Солтүстік- Шығысынан бастау алатын халықаралық трансконтиненталды интермодальдық тасымал дәлізін құрайтын Жаңа көлік дәлізі болып отыр. Қазақстан аумағында бұл дәліз Петропавл-Достық станциялары учаскелері арқылы өтеді ", - деп атап өтілді баспасөз хатында.
"Бүгінде жаһандық аумақ бойынша Еуропа-Азия бағытында жүк тасымалын ұйымдастыру негізгі жұмыстардың бірі болып отыр", - деп атап өтті ҚТЖ президенті А. Мәмин ХТЖО Азиялық аумақтық қауымдастық комитеті жетекшілерінің 2-ші отырысында сөйлеген сөзінде. Ол сондай-ақ, ХТЖО Азиялық аумақтық қауымдастығы төрағасының орынбасары болып табылады.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 19 мамырда А. Мәмин Оңтүстік Кореяның жер, теңіз істері мен көлік министрі Чжан Чжон Хванмен кездесіп, олар екі жақты тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
"Корей жағы Сеул-Пусан арасындағы жоғары жылдамдықтағы темір жол жобасымен таныстырды. Екі қала арасындағы теміржолдар арқылы жүретін жоғары жылдамдықтағы поездардың жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жетеді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.