"Қазақстан темір жолы" ҰК орталық аппаратында ауыс-түйістер болды

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы болып Қанат Алпысбаев тағайындалды. Оған дейін ол GE Transportation компаниясының Қазақстандағы бизнесін дамыту жөніндегі директоры қызметін атқарған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ аппаратының жетекшісі міндетін атқарушы лауазымына оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тұрған Асхат Ақшорин тағайындалды.

Орталық аппараттағы кадрлық өзгерістер жайында кеше "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ аппараттық отырысында компания басшысы Асқар Мамин жариялады.