Үкімет терроризмге қарсы күрес бағытындағы жұмысты ұйымдастыру ережелерін өзгертті.
Премьер-министр Серік Ахметовтің қолы қойылған қаулы сәрсенбі күні нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесінде жарияланды.
Жаңартылған ережеде терроризмнің алдын алу үшін ақпараттық-саяси шаралар өткізіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу ұсынылып отыр.
Атап айтсақ, бұдан былай билік терроризммен жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту және аймақтардың даму деңгейін теңестіру, жұмыссыздықты жою және халықты әлеуметтік қорғау шараларын күшейту арқылы күреспек.
Сонымен қатар, арнайы оқу-жаттығулар арқылы азаматтардың төтенше жағдайларға дайындығы тұрақты түрде тексеріліп отырмақ.
Оған қоса халыққа терроризмге қарсы күрес мәселелері жан-жақты түсіндірілетін болады.