Қазақстан- ТМД аясындағы дінаралық диалог орталықтарының біріне айналды- Мәскеу және Бүкілресей Патриархы

Екінші Алексийдің пайымдауынша, "бұл ретте ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі мол. Қазақстан президенті дәстүрлі діндер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға біршама күш-жігер жұмсауда".

"Орыс православиелік шіркеуі онымен меймандос дәстүрлі діндермен диалогқа қашан да дайын, осындай диалогты дамыту - әр халықтардың тату-тәтті өмір сүруіне басты негіздердің бірі болып табылады",- делінген жолдауда. Соңғы жылдарда халық арқасына түскен ауырпалықтар мен қиындықтар түріндегі сынақтар дінаралық ынтымақтастыққа сызат түсірмей, керісінше оны жаңаша деңгейге көтеруі қуантады дейді Православиелік шіркеудің басшысы. "Қазіргі заманғы дінаралық диалогтың көздеген мақсаты - нанымдық тәлімгерліктегі айырмашылықтарды жоюды емес, қас пен көздің арасында өзгере түскен қазіргі кезеңдегі өзгерістерге бірлесіп жауап іздеу болып табылады ",- делінген жолдауда. Қоғамдық құбылыстарға баға бере отырып біз оларға шынайы бітімгершілер, нағыз бейбітшілік қорғаушылар ретінде жасампаз өзгерістер енгізуге тиіспіз делінген хатта.
Екінші Алексий "дінаралық ынтымақтастық бейбіт, үйлесімді әрі әділетті әлемдік тәртіпке алдағы уақытта да оңды ықпал етеді",- дегенге сенім білдіреді.