Қазақстан ТМД елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілері кеңесінің сессиясына қатысады



Сессияға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Украинаның жоғарғы қаржылық бақылау органдарының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, форумға Болгария, Венгрия, Латвия, Литва, Польша және Эстонияның қаржылық бақылау органдарының жетекшілері шақырылған.
Үш күнге созылатын сессияның қорытындысы бойынша ұлттық бюджеттерге қаржының дер кезінде және толыққанды аударылуын қамтамасыз етуде ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының атқаратын рөлі туралы резолюцияға қол қойылады.
Сонымен бірге бюжет қаржысы мен мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін арттыруға қатысты аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсыныстар мен нұсқауларды іске асыруға бағытталған резолюцияны қабылдау көзделген.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті