Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін оның кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынған болатын. Алайда Сенаттағы тыңдау кезінде Омарова сынға ұшырады. Омарова өткен өмірі үшін ақталуға мәжбүр болды. Ол коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелері коммунизмнен зардап шеккенін айтты.
"Мен Сәуле Омарованың Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым", - делінген Байденнің мәлімдемесінде.
Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Заңтану докторы дәрежесі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.