Қазақстан Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді

"Екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде энергетикалық серіктестікті дамыту, көліктік-транзиттік әлеуетті пайдалану, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері тұр", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Атап айтқанда, ол кездесу барысында Орта Азия - Орталық газ құбырын жөндеу, Каспий маңы газ құбыры мен Қазақстаннан Түрікменстанға, одан әрі қарай Иранға теміржол салу жөніндегі келісімдерге қол жеткізілгенін еске салды.

Өз кезегінде Түрікменстан дипломаты да екіжақты, оның ішіндегі энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты. "Қазақстанмен энергетика, мұнай және газ салаларындағы екіжақты қатынастардың дамуына Түрікменстан айрықша мән береді", - деп атап көрсетті Қ. Қасымов.