Қазақстан Түркиядағы турнирде жалпыкомандалық есепте үшінші орынды еншіледі

Еркін күрес бойынша жалғыз медальға Илисхан Чилаев қол жеткізді. Ол 86 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Қыздар арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Ирина Казюлина  «күміс» және Зарина Құнғараева  «қола»  еншілесе,   51 келі салмақ дәрежесінде Анжелика Шелчкова екінші, Марина Зуева үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлады sports.kz.