"ВИЧ-індетін жұқтырғандардың 30 пайызы түзету колонияларынан келеді. Алдыңғы күні Денсаулық сақтау министрлігінің, туберкулезге қарсы қызметтің және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болды. Онда туберкулезбен, әсіресе, тұрақты түрімен аурудың алдын алу және СПИД мәселелері бойынша негізгі шаралар жасалынды. Біз Денсаулық сақтау және Әділет министрліктеріне олар біздің бірлескен үйлестірушілік іс-әрекеттерімізді бекіту үшін кеңес ұсындық", - деп хабарлады А. Белоног.
Сонымен қатар, А. Белоног жақында Қазақстанда туберкулезге қарсы тиімді вакцина пайда болуы мүмкін екендігін хабарлады. "Қазір туберкулезге қарсы тиімді вакцина жасалынды. Ол жақын уақыттарда клиникалық сынақтардан өткеннен кейін нарықта пайда болуы мүмкін деген ақпарат алдық", - деп хабарлады бас санитарлық дәрігер.