"Шағым қазір дайын, оны біз сотқа ертең тапсырмақшымыз. Бұл мәселені біз сотқа жеткізбей реттеуге тырысқан едік. Nestle компаниясымен келіссөздер жүргізіп бақтық, бірақ олар зертхананың қорытындысы болуына қарамастан, өнімнің құрамында генетикалық өзгертілген организмдердің бар екендігін жоққа шығаруда. Олар біздің мәлімдемелерімізге қарсы дау айтпайды, соған қарап дауласуға мүмкіндік жоқ деген пайым жасаймыз", - деді С. Савченко.
Экологиялық мәдениетті интеграциялау қорының президенті Евгений Климовтың айтуына қарағанда, "Nestle компаниясы ҚР Тағамтану академиясында қайталап зерттеулер жүргізген. Бұл ретте сериялық нөмірі мүлдем басқаша, мүлдем басқа партиялы, шығарылған мерзімі бөлек және өндірушісі де өзгеше өнімге тексеру жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде ондай организм табылған жоқ".
"Бізде Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің 2007-жылғы 6-сәуірдегі ресми хаты бар. Онда атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда осы тектес зерттеулер жүргізетін "Нутритест" ЖШС атты бір ғана зертхана тіркелген. Ал бұл тізімде Қазақ Тағамтану академиясы көрсетілмеген. Демек, Nestle компаниясының ұстанымын барынша қорғап бағатын Қазақ Тағамтану академиясының осындай зерттеулер жүргізуге өкілеттілігі бар ма деген сауал туындайды.." - деді Е. Климов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті