Қазақстан УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде нешінші орынға көтерілді?


Бұл көрсеткіш Грузия мен Молдовадан озуға мүмкіндік берді. Осылайша Қазақстан Венгрия, Әзербайжан және Словакиядан кейін 32-орынға жайғасты.  

Еске сала кетейік, кеше Еуропа Лигасында «Астана» израильдік «Хапоэль» Тель-Авивті жеңді, алматылық «Қайрат»  пен даниялық «Эсбьерг», қарағандылық «Шахтер»  мен литвалық «Атлантас» тең түсті.