Қазақстан УЕФА коэффициенттері кестесінде 30 орынға көтерілді

Өткен еурокубок маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан 32-орында болған. Бұл жолғы маусым басында  УЕФА мүшелерінің 2010/11 жылдардағы ұпайлары алынып, биылғы маусымның ұпайлары есептелді.  

Осылайша Қазақстан Словакия мен Венгриядан озып, 30 орынға жайғасты.

25-орынға көтерілсе, Кубок иегеріне Еуропа Лигасының екінші квалификациялық раундтан бастауына мүмкіндік береді.