Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді

Бүгінгі таңда қазақстандық клубтар 10,5 ұпай жинады («Шахтёр» - 4 ұпай, «Ақтөбе» - 4 ұпай, «Ертіс» - 2,5 ұпай), қорытынды балл - 2,625. Бұған дейін қазақстандық командалар бір маусымда 2 ұпайдан артық жинап көрмеген болатын.

УЕФА коэффициенттер кестесінде соңғы бес маусымның қорытындысы есепке алынады. Қазір Қазақстан еншісінде 7,750 ұпай бар.

УЕФА коэффициенттер кестесі:


32. Словения - 9,500

33. Молдова - 8,750

34. Қазақстан - 7,750

35. Босния және Герцеговина - 7,500

36. Финляндия - 7,175