Қазақстан үкімет басшысы әкімшіліктер мен мемлекеттік холдингтердің бюджеттік бағдарламаларына аудит өткізуді тапсырды

"Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, үкіметке барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша, үкіметтің қарамағындағы орталық бағдарламалар бойынша да, облыстық бағдарламалар бойынша да аудиттік тексеру өткізу тапсырылған", -деді Кәрім Мәсімов.

"Республикалық бюджетке қатысты жұмысты Өмірзақ Шүкеев басқарған комиссия жүзеге асырды, бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысында біз барлық шешімді қабылдап, ертең бекітеміз", - деді ол.

"Енді кезекті мәселе - осындай аудитті барлық облыста жүргізу қажет", -деді үкімет басшысы. Ол "осы мәселе бойынша әкімдермен сөйлестік, бірақ, көптеген шешімдер іс жүзінде аяқсыз қалады", деді.

"Мұндайға біз жол бере алмаймыз, олардың бағдарламалары бойынша қазіргі мемлекеттік бюджет шеңберінде де, алдағы үш жылдық бюджет шеңберінде де шешім қабылдау үшін жергілікті бюджеттер бойынша да осындай мұқият аудит жүргізу қажет ", - деді ол.

"Бұл жерде мәселені ағымдағы жағдайды ескере отырып, қатаң қою керек", - деді премьер.

"Сонымен бірге экономика министрлігі біздің мемлекеттік төрт холдингіміздің бюджетін қарауы қажет", - деді ол. "Жалпы алғанда, біздің республикалық, жергілікті және мемлектетік холдингтеріміздің бюджеттеріндегі барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік шығындарымыз басты мақсатты - елімізде тұрақты қаржылық-экономикалық ахуал қалытапстыруды шешуі қажет", -деді үкімет басшысы. "Бізде кейде әлдебіреулер күндіз-түні қиналып жүрсе, екінші біреулері "тойған қозыдай" болып жүреді, біз бұған жол бермейміз", - деді Кәрім Мәсімов.