Қазақстан үкімет басшысы АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады. Қазақстан экономикасының әртүрлі секторының инвестиция саласындағы екі жақты ынтымақтастықты күшейту туралы пікір алмасылды.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығын нығайту және кеңейту қажеттігіне тоқталды.