"Білім және ғылым министрлігіне білім және ғылым саласын реформалау жоспарын желтоқсан айының екінші немесе үшінші онкүндігінде енгізуді тапсырамын. 9 желтоқсанға дейін дайын болсаңыз, сол күні әкеліңіз", -деді Кәрім Мәсімов Жансейіт Түймебаевқа.
Сонымен бірге премьер-министр облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп кедей отбасыларының балаларын қолдау құралдарының көлемін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды бір айда жасап шығаруды тапсырды. "Алдын-ала қолдау көлемін 3 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар, қазіргі жағдайда бұл аса маңызды қадам болар еді, осыны дәйектеуге бір ай уақыт беремін", - деді ол.
Сонымен бірге, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне өңірлер мен индустриялық бағдарламаның сұранысына сәйкес кәсіби білікті жергілікті мамандарды дайындауға берілетін мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайтуға шара қолдану тапсырылды.