Қазақстан үкімет басшысы мен Иордания Хашимиттік Корольдігінің Мәдениет министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады

Тараптар екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға ниетті екенін білдірді және Қазақстанның Иорданиямен қарым-қатынасын дамытуға барынша қолдау көрсетілетіне назар аударды.

Кездесу барысында әлеуметтік-мәдени, білім беру мен денсаулық сақтау, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі кездег перспективасы талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру және бизнес саласындағы қазіргі уақыттағы байланысты кеңейту, шараны күшейту мәселесінде бірыңғай пікірге тоқтады.