Caravan Logo

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран СІМ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегі туралы пікір алмасты.

Тараптар екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды ынталандыруға және екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ерекше маңыз берді.

М. Моттаки Иран жағының бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүддесі барын жеткізді. Оның пікірінше, "бірлескен ірі жобаларды іске асыру екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жақсы серпін береді".

Тараптар қазақстан-иран ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.