Қазақстан үкімет басшысы мен Қырғызстан СІМ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкімет үйінде Қырғыз сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның өзара қарым-қатынастары, соның ішінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Эднан Қарабаев премьер-министрді Қазақстан мен Қырғыз сыртқы істер министрлері кеңесінің бүгін өткен екінші отырысының қорытындыларынан хабардар етті.