Тараптар Қазақстан мен Ресейдің темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің аумағында транзиттік мүмкіндікті және ресейлік вагондар паркін пайдалана отырып, Қазақстанның темір жол саласын реформалау қарқыны, сондай-ақ екі мемлекеттің бірлескен жобаларын одан әрі жүзеге асыру келешегі туралы тақырыпты көтерді.
Тараптар темір жол саласын реформалау жөніндегі өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз етудің пайдалылығы, бірыңғай технологиялық тексеріс жүргізуді әзірлеу және нақты уақыт тәрбітіне қатысты электронды құжат айналымы бойынша озық технологияны ендіру туралы үйлестірілген күш жұмсау қажеттігі туралы бірыңғай пікірге келді.