Қазақстан үкімет басшысы мен РФ өнеркәсіп және энергетика министрі отын-энергетикалық кешеніндегі екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , тараптар отын-энергетикалық кешеніндегі екі жақты қазақстан-ресей ынтымақтастық мәселесін талқылады.

В. Христенко премьер-министрді мұнай тасымалдау және өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдермен жұмыс барысынан хабардар етті.

"Үкіметаралық комиссияға Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі өңірлерінде мұнай өңдеу бойынша бағалау, мұнайды тасымалдау туралы барлық бірлескен жобалар қарастырылған құжаттарды әзірлеу жүктелді,- деп атап өтті В. Христенко.

Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығы аясында отын-энергетикалық сектордағы жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруда тауар айырбасы операциясы жүзеге асырылады.

Кездесу соңында ҚР премьер-министрі екі ел үкіметтерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуы үшін барлық жағдай жасалатынына сенім білдірді.