Қазақстан үкімет басшысы мен ТМД-ның атқарушы хатшысы Достастықтың даму перспективасын талқылады

Кездесу кезінде ТМД-ны одан әрі дамыту перспективасына қатысты кең көлемдегі мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Атап айтқанда, Даниал Ахметов бүгінде барлық ТМД кеңістігінде интеграциялық процестерді дамыту және одан әрі нығайту үшін нақты мүмкіндіктер барына тоқталды. Премьер-Министр өз сөзіне Қазақстан мен Ресей Федерациясының Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруді ұйымдастыру жөніндегі бірлескен әрекетінің жемісті тәжірибелерін дәлел ретінде келтірді. Сонымен бірге, Даниал Ахметов ТМД аясындағы интеграциялық процестер әсіресе, осы ұйымның мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер аясында қол жеткізген бөлігін іске асыруда анағұрлым тиімді болуы керектігін атап өтті.

Өз кезегінде Владимир Рушайло ТМД-ның атқару комитетінің жұмысына жан-жақты тоқталып, оның жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар бастамалар айтты.
Атап айтқанда, комитет көлік, инновациялық қызмет, аграрлық сектор, бірлескен құжаттар мен жобаларға сараптама жасау тәрізді әр түрлі саладағы жобаларды жүзеге асыруға жауапты тұрақты әрекет ететін құрылым құру туралы бастама көтеріп отыр.
Бұдан басқа, Қазақстан үкімет басшысы мен ТМД-ның атқарушы хатшысы биылғы жылы 15-16 қыркүйекте Астанада ТМД мемлекеттерінің саммитін өткізуге дайындық барысын талқылады.