Қазақстан үкімет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Федеральдық қорғаныс министрімен кездесті

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасындағы экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері туралы пікір алмасты.

Әңгімелесушілер энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. А. М. Чаудридің пікірінше, ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін үлкен әлеует бар.

Тараптар екіжақты байланыстарды нығайту қажетігін атап өтті және өзара түсіністіктің қол жеткізілген деңгейі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.