Сонымен бірге үкімет басшысы ҚазМұнайГаздың жаңа президентіне "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ акцияларының 51% сатып алуды аяқтауды, "Қазақстанның жаңа Салық кодексі қабылданар алдында компанияның одан әрі даму" стратегиясы мен принциптерін қайта қарауды және ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
"Біз нарықтық экономикалы елміз, және нарықтағы өз үлесімізді нарықтық принциптермен жаулап алу арқылы ел аумағын түгел жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіспіз. Бұл бізге тек жанар-жағармай қамтамасыз етуге ғана емес, баға саясатының да қол жетімділігіне мүмкіндік беруге тиіс", -деді Кәрім Мәсімов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның директорлар кеңесі Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдинді ҚазМұнайГаз ҰК президенті қызметіне сайлауға шешім қабылдады.