Қазақстан үкімет басшысы Таиланд елін "мұнайгаз саласында Қазақстанмен мейлінше белсенді ынтымақтастыққа" шақырды

"Біз мұнай өндіру саласына баса назар аударып қана қоймай, сонымен бірге мұнай өндіру саласындағы қызмет көрсету секторын дамыту бағытында да жұмыс істеп жатырмыз",- деді Д.Ахметов. "Республика үкіметінің экономикалық іс-шаралары дәл осы бағытта өрбіп келеді",- деді үкімет басшысы. "Қазақстан үкіметі ауқымды жеңілдіктер мен преференциялар көрсететіндіктен, бұл барлық компанияларға тек мұнай өндіру саласында ғана емес, сонымен бірге көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында да жұмыс істеуге экономикалық ынталандырғыш құралға айналуы тиіс",- деді Д.Ахметов.