Қазақстан үкімет басшысы жұмыс сапарымен Ресейге барады



Бүгін Астанада өткен кеңесте алдағы сапарғадайындық барысы талқыланды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар аясында Даниал Ахметов пен Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадковтың екі жақты кездесуі өтеді.

Сонымен бірге атом өнеркәсібіндегі ынтымақтастық және екі ел арасындағы ғарыш саласындағы байланыстарды нығайту мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізу межеленіп отыр.