"Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылы еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны республика халқының экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 1,60 процент көлемінде, соның ішінде : бірінші және екінші санаттар бойынша (ұйымдардың басқарушы құрамы, жоғары және орта кәсіби білікті мамандар) - 0,60 процент; үшінші санатта (кәсіби жұмысшылар) - 0,93 процент; төртінші санатта (маусымдық ауылшаруашылығы жұмыстарымен шұғылданатын жұмысшылар) - 0,07 процент болып белгіленсін", делінген қаулыда.
Бұл құжат 2007 жылдың 28 желтоқсанында қабылданған. Қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.