Қазақстан үкіметі 2008 жылы инфляцияны ауыздықтау жұмыстарын күшейте түсуді жалғастырмақ ниетте - премьер

"Біздің уағдамызға сәйкес, 2008 жылғы басты жұмыс мақсаты инфляцияға қарсы саясатқа бағытталады", - деді Кәрім Мәсімов. "Біздің алдымызда тұрған кезек күттірмес мақсат - баға белгілеуді бақылау, барлық бағыттар бойынша тариф белгілеу мәселелері болмақ", - деді ол.

"Ағымдағы жылдың екіңнші жартысы тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде инфляцияның ырыққа көнбей кеткенін көрсетті. Бұл ағым 2008 жылы да жалғасады деген қауіп бар", - деді премьер. "Сол себепті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне мен біздің саясатымыздың жалпы дамуына қатысты бірнеше сценарий жасауды тапсырдым. Сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерді талдап, осы бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деді ол.