Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ержан Нұрымбетов зейнетақы қорынан жарты қаражатты алудың шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн брифинг барысында Нұрымбетов қандай санаттағы адамдардың зейнетақы қорын ала алатынын айтып берді. Жалпы алғанда елімізде 721 мың азамат осы мүмкіндікті пайдалана алады.
"Жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар. Біріңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар ала алады. Егер олардың жиналған соммасы жеткіліктілік шегінен асып жатса ғана рұқсат беріледі. Мақсатымыз қаражатты таратып беру емес. Тек қана 50 пайызын ғана ала алатын болады. Екіншісі зейнет жасына жеткен кісілердің қорда қаражаты болатын болса, олар қаражаттың 50 пайызын ала алады. Олардың саны 138 мыңнан асады. Олардың ішіне құқық қорғау органдарының азаматтары да жатады. Бір шарт бар ол зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақтысы мен қордан алатын зейнетақысын қосқан кезде, кемінде 40 пайыздан төмен болмауы керек. Үшіншісі зейнетақы құжатын рәсімдегендер. Сақтандыру қорына аударғаннан кейін зейнетақы қорында қаражат қалатын болса ғана ала алатын болады", - дейді Нұрымбетов.